Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстандағы 2023 жылғы жыл құсы» көрмесі ашылды.
2023 жылдың басында Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы жыл құсы сайлауын өткізді. Құстардың екі түрі — жорғаторғай және көкқұстан дауыс берушілердің 64%-ы көкқұсты таңдады. Көкқұс (Myophonus caeruleus)- Сайрақтар тұқымдасына жататын кең таралған түрі ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Керемет әдемі түсімен қатар, тау өзендерінің шуын жауып тұрған көкқұстың ерекше флейта ысқырығы секілді даусын ештеңемен шатастыру мүмкін емес. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірінің таулы өзен бойларында кездеседі.
Түрге қауіп – сауда мақсатымен заңсыз аулау, соңғы уақытта таулардағы жаппай демалуға қатысты дамылсыздық көрініс алады.