Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-қолөнерші Л.А. Игошинді (1933-2021) еске алуға арналған «Шеберді еске алу» көрмесі

27.02.2023
ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-қолөнерші Л.А. Игошинді (1933-2021) еске алуға арналған «Шеберді еске алу» көрмесі

2023 жылғы 24 ақпанда сағат 15.00-де Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнерін экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінде суретші-қолөнерші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Леонид Игошинді еске алуға арналған «Шеберді еске алу» көрмесі ашылды.

Леонид Александрович Игошин - шебер-зергер, оның есімі Қазақстаннан  тыс жерлерге де белгілі. Леонид Александрович 2021 жылдың 7 шілдесінде 89 жасқа қараған шағында өмірден озды. 2023 жылы 5 ақпанда Леонид Александрович Игошин 90 жасқа толар еді.

«Шеберді еске алу» көрмесінде көрермен зер, сымкәптеу, шекіме техникаларында орындалған авторлық туындыларымен танысты. Көрме жәдігерлері Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығынан, сондай-ақ Л.А. Игошиннің отбасының жиынтығынан алынған.

Леонид Александрович Игошин бейнелеу өнері тарихында металды көркем өңдеудің жоғары кәсіби шебері және өзінің "Игошиндік стилін" жасаушы ретінде ерекше орын алады. Суретші-қолөнер шебері 50 жылдан астам уақыт бойы Қостанайда тұрды және жұмыс істеді.

Бүгінде атақты суретші Леонид Игошиннің жұмыстары Алматы, Мәскеу, Киевтің жетекші музейлерінің қор жиынтықтарында, Ресей Федерациясының Еділ бойындағы Красное кентінің зергерлік және халықтық-қолданбалы өнер музейінде және Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталған. Леонид Александрович Игошин - табиғи дарынымен,  ерекше қабілетімен қызықты өмір сүрген сезімтал жан.  Оның жоғары кәсібилігі мен өмір сүйгіштігін жас суретшілер әрқашан үлгі тұтады.

 

«Шеберді еске алу» көрмесі Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнерін экспозициялық–көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің бірінші қабаттағы көрме залында бір ай бойы жұмыс істейді.