Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстан халқы тілдері күніне ұйымдастырылған музей көрмесі

23.09.2020
Қазақстан халқы тілдері күніне ұйымдастырылған музей көрмесі

21 қыркүйекте ҚР Ұлттық Ұланы 6697 ә/б Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл халықтар достастығының елшісі» атты байқау ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері киіз үй жабдықтарынан көрме ұйымдастырды. Көрмеге музей қорындағы ағаштан, киізден, сүйектен жасалған бұйымдар қойылды. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде қолданылған кебеже, сандық, ағаш астаулар, киізден жасалған аяққап, бесік, ер-тоқым сияқты заттармен қатар қолдан тоқылған кілем, бау-басқұрлармен безендірілген киіз үй көрінісі іс-шараның көркі болды.