Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева туралы Алау телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының "Көненің көзі" айдарында

23.09.2020
Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева туралы Алау телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының "Көненің көзі" айдарында

2020 жылдың 23 қыркүйегінде «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері еңбегімен ел құрметіне бөленген, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, екі Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, Қостанай қаласының және Қостанай облысының құрметті азаматы Кәмшат Байғазықызы Дөненбаеваның  өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімелеп берді.

Кәмшат Байғазықызының бар ғұмыры Қостанай облысында өтті. 1943 жылы 15 қыркүйекте Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 14 жасынан Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастады. 18 жасында тракторды игеріп, егіс даласында еңбек етті.

«Харьков» кеңшарында «Беларусь» тракторында жас Кәмшат алғашқы еңбек рекордтарын жасады. Кейіннен қазақ қыздарының ішінен алғаш «Кировец» тракторын меңгерді. Республикамызда қыз-келіншектердің ауыл шаруашылық техникаларын меңгеруіне үлгі-өнеге болып, ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосты.

Әңгіме барысында музей қорынан К.Дөненбаеваның құжаттары мен фотосуреттерін көрсетті.

https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/907230106434539/

https://www.instagram.com/tv/CFeSHd3As8C/?utm_source=ig_web_copy_link

https://vk.com/id397862586?z=video397862586_456239230%2Fa769d0f0870da77692%2Fpl_wall_397862586