2020 жылдың 20 қыркүйегінде Қостанай облысының ең көрікті жерлеріне облыстық көркемсурет жобасы шеңберінде қостанайлық суретшілер Бозбек және Шоққарагай ауылдарының маңында пленэр өткізді. Жобаға кескіндемеші-суретшілер, ҚР Суретшілер одағының мүшелері: Александр Захарченков, Светлана Шалунова, Баян Баталова, Лариса Дмитриева және суретшілер Олег Кусков, Сергей Казанцев, Сергей Попов қатысты.
Жобаға қатысушылар ерекше көріністі күзгі ағаштар аясында сурет салды. Шығармашылық жұмысқа ауа-райы да оң әсер етті.