Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет»

29.11.2016
«Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет»

2911201601

Үстіміздегі жыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 29 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады.

2016 жылы 29 қарашада музей қызметкерлері Қостанай қаласындағы №2 ОМ оқушыларына «Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет» атты музей сабағын өткізді. Шара барысында Семей ядролық сынақ полигонының тарихы және ҚР аумағында орналасқан басқа да полигондар туралы ақпараттар беріліп, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқаны туралы әлеуметтік ролик көрсетілді. Балалар сонымен қатар 2016 жылы 31 наурыз - 2 сәуір аралығында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік саммиті туралы мәліметтер тыңдады және «Бітімгерлік күштің жол картасы» атты құжатты фильмнен үзіндіні тамашалады.