Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Елбасы – ел тірегі» - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай портрет-кеш

29.11.2016
«Елбасы – ел тірегі» - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай портрет-кеш

Жаңа қазақ мемлекетін қалыптасыру жолындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жалпыға танылған рөлі айрықша. Әсіресе, ширек ғасыр өткеннен кейін Мемлекет басшысының елді дамыту келешегіне қатысты стратегиялық көзқарасын және оның дұрыстығын өмірдің өзі дәлелдегенін ой елегінен өткізу де өзекті.

Мереке қарсаңында музей қызметкерлері Майкөл орта мектебінің оқушыларына «Елбасы – ел тірегі» атты портрет-кеш өткізді. Шара барысында оқушылар Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолын, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет атқарған жерлері және әлем таныған саясаткер екені туралы мағлұмат алды. Балалар Елбасының балалық шақтағы суреттерін қызықтап тамашалады және Нұрсұлтан Әбішұлының егеменді Қазақстанның қалыптасу жолындағы кезеңдер жайында әңгімелеген «Мемлекет басшысы» атты құжатты фильмнен үзінді көрді.