2016 жылы 20 сәуірде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ халқының ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан үйлену салтына байланысты дәстүрлеріне арналған жоба бастау алып, соның ішінде «құдалық» тақырыбына арналған тұсаукесер-кездесу өтті.
Кештің жүргізушілері Айгүл Неғметжанова, Эльмира Алшымова және мұражайдың қонағы-ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Әлпия Орманшина көрермендерді құдалықтың қызықты сәттерімен таныстырды. Мұражайлық шарада көрермендер ежелгі және қазіргі заманғы дәстүрлердің үйлесімін тамашалады.
Шара барысында жүргізушілердің қызықты әңгімелерімен қатар «Сырға салу», «Құйрық-бауыр», «Дорба ашу» тәрізді қызықты сахналық көріністер көрсетілді.
Біздің қазіргі қоғамда жастар шаңырақ көтеріп, жаңа отау құрғанда ата-аналары барлық дәстүрлерді сақтауға тырысады.