Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Уақыт куәгерлері» - мұражайлық блиц-тест (Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне арналған)

18.04.2016
«Уақыт куәгерлері» - мұражайлық блиц-тест (Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне арналған)

Жыл сайын 18 сәуірде Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күні атап өтіледі. Бұл күнді 1982 жылы ЮНЕСКО бекіткен.

Осы күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері үшін «Уақыт куәгерлері» атты блиц-тест өткізді. Қостанай ескерткіштері бойынша саяхат барысында блиц-тестке қатысушылар археологиялық, сәулеттік, өңірдің табиғат ескеткіштері, монументалды өнер туындылары мен этнографиялық раритеттер туралы сан қилы сұрақтарға жауап берді. Ойында негізгі 6 орын белгіленген, солардың әрқайсысы бойынша қатысушылар топпен суретке түсуі тиіс болды. Мәреге тез жеткен және ең көп сұрақтарға жауап берген топ жеңімпаз атанды.

Мұражай қызметкерлері көпестердің ескі үйлерінің тарихы туралы айтып, қаланың кейбір құпияларын ашты.