Халық суретшісі, Қаз.КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Х.Наурызбаев 1925 жылы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Октябрьское ауылында дүниеге келген. Ол 300-ден астам туындыларды сомдаған, соның ішінде Алматы қаласындағы Абай Құнанбаевқа және Шоқан Уалихановқа арналған ескерткіштер, сондай-ақ халық ақыны Жамбыл Жабаевқа арналған жұмыстар сериясы бар. Х.Наурызбаевтың монументальді мүсіндері жоғары сезімталдықпен және қатал стилистиканың айқындылығымен ерекшеленеді.
14 тамызда қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі, ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаушылардың бірі Х.Наурызбаевтың 95 жылдығына арналған музей қорынан «Ғасырлардан жеткен сұхбат» атты онлайн көрме әлеуметтік желілерді қолданушылардың назарларына ұсынылды. Х.Наурызбаевтың туындылары Мәскеудегі мемлекеттік Третьяков галереясында, Ульянов қаласындағы мемлекеттік мемориалдық музейінде және қазақстанның өзге де көркемсурет музейлерінде ұсынылған.
Көрменің толық нұсқасын төмендегі сілтемеге кіріп қарауға болыды:
https://vk.com/id397862586?w=wall397862586_1034
https://www.instagram.com/p/CD2xK9NAIqT/
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/posts/876088029548747