Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанайлық суретші Г.М.Соковтың музейдің қор жиынтығындағы сценографиясынан виртуалды көрме

14.08.2020
Қостанайлық суретші Г.М.Соковтың музейдің қор жиынтығындағы сценографиясынан виртуалды көрме

2020 жылдың 12 тамызында әлеуметтік желі тұтынушыларына белгілі суретші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Георгий Михайлович Соковтың музейдің қор жиынтығындағы сценография туындылары таныстырылды.

Г.М. Соков өзінің шығармашылық қызметін Горький атындағы Қостанай облыстық драма театрында суретші-безендіруші болып бастады, онда 30 жыл бойы бас суретші болып жұмыс істеді. Оның сценографиясының эскиздері негізінде сахнадағы нақты әрі ауқымды көріністің арқасында театрдың есте қаларлық көптеген тамаша қойылымдары қойылды.

Онлайн көрмеге Э.Ионескудің «Мүйізтұмсық», Е.Шварцтың «Айдаһар», Л.Украинканың «Тас мейман», П.Чеховтың «Шағала», Ж-Б. Мольердің «Жорж Дандем», Лопе де Веганың «Өнертапқыш ғашық» пьесалары бойынша сахна безендіру және киімдер нобайы, «Конек-Горбунок» балетінің сахнасын безендіру нобайы қойылған.

Суретші архитектуралық нысандар бойынша іс-әрекеттің салтанаттылығы мен кейде трагедиясына, түс пен материалды таңдауға баса назар аударады. М.Әуезовтің повесі негізінде жасалған «Абай» спектаклінің сахналық безендірілуі Георгий Михайловичтың шығармашылық табысы болды.

Г. М. Соковтың барлық таланты, суретші ретінде сахналық алаңдар мен декорацияларды құруға бағытталған барлық жұмыстары көрермендердің санасында терең, ұмытылмас бейнелер қалдырады.

Толық нұсқаны төмендегі сілтемеден көре аласыз.

https://www.facebook.com/100014426732442/posts/874793206344896?sfns=mo

https://www.instagram.com/tv/CDyVt1agpqT/?igshid=1ke9wfl9we2bp

https://vk.com/wall397862586_1031