Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану бөлімінің қызметкерлері Арқалық қаласының әкімдігіне қарайтын аумақта орналасқан қасиетті нысандар аумағының инфрақұрылымының жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Қазақстанның киелі картасына осы өңірде орналасқан 6 нысан кіреді. Оның 3-і жалпыұлттық маңызы бар нысандар (Екідің, Жәуке батыр кесенесі, Әбдіғаппар ханның кесенесі), 3-і өңірлік маңызы бар нысандар (Құлымбет әулие кесенесі, Қостам кесенесі және Қыз тамы), нысандар 2019 жылы енгізілген.
Нысандар фотоға түсіріліп, Екідің ауылындағы ескі мұсылмандар қорымында орналасқан Қыз тамы кесенесінің, Қайыңды ауылының маңындағы Қостам мен Құлымбет әулие Тәтібекұлы кесенелерінің орналасқан жерлерінің географиялық координаттары анықталды. Тиісті инфрақұрылымды құру және 2018-2020 жылдарға арналған Қостанай облысының қасиетті нысандарының қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін Жол картасын іске асыру аясында ағымдағы жылы Арқалық қаласының барлық қасиетті нысандарында жол бойы ақпараттық стендтер мен жол белгілері орнатылды.