Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Туған жерге тағзым» атты онлайн өңірлік өлкетану оқулары

21.10.2020
«Туған жерге тағзым» атты онлайн өңірлік өлкетану оқулары

2020 жылдың 21 қазанында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы және Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Туған жерге тағзым»онлайн өңірлік өлкетану оқуларын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Қостанай облысының тарихы, мәдениеті және табиғаты жөніндегі ғылыми зерттеулерді насихаттау; өлкетану жұмысын жандандыру;өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи сананы қалыптастыру.

Онлайн өлкетану оқуларыбарысында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессорлары: филология ғылымдарының кандидаты, ақын С.Оспанұлы; филология ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы А.Қ.Шаяхмет; тарих ғылымдарының кандидаты Ө.И.Исенов; доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Ә.Шәукенов; өлкетанушы-зерттеуші, Марбург қаласының тұрғыны (Германия) А.А. Шефер; өлкетанушылар Қ.Т.Орманов; А.Ибраһим, Ш.Байділдин, В.В.Стародуб; Д.Н.Сүттібаев, Е.Ж.Ахменов; тарих пәнінің мұғалімі, өлкетанушы С.Н.Виниченко; архив, музей және кітапханалардың қызметкерлері баяндама оқыды.

Онлайн өңірлік өлкетану оқуларының модераторы - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы Қ.Х.Жақып.

Ол өлкетану оқуларыныңашылуында өлкетанушылардың тарихты зерттеудегі, тарихи жадыны сақтаудағы және өскелең ұрпақты патриоттықтәрбиелеудегі өлкетану зерттеулерінің рөлін атап өтті. Алғаш өтіп отырған өлкетану оқулары біздің облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиға екенін айта отырып, зерттеу және ізденіс жұмыстарына табыс тіледі.

«Zoom» платформасында өткен іс-шарада қатысушылар өзара пікір алмасты. Қостанай облысының археологиясы мен этнографиясы, жергілікті тарихты зерттеудегі өлкетанудың рөлі мен маңызы, ата-бабалардың рухани мұрасы және өңірдің киелі нысандары, тұлғалары, туған өлке тарихының беймәлім беттері, облыстың сырға толы табиғаты туралыөлкетанудыңең өзекті мәселелері талқыланды.

Өлкетану оқуларының қорытындысы бойынша қарар қабылданды. Өлкетанушылар облыстың қалалары мен аудандарының өлкетанушыларын тарта отырып, қатысушылардың географиясын кеңейту; өлкетануды дамытуға мүдделі барлық мекеме, ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту; өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеуге жастарды кеңінен тарту; Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізінде 2-3 жылда кемінде бір рет өлкетану оқуларын өткізуді тәжірибеге енгізу; өлкетанушылар өлкетану саласындағы зерттеулерді дамытып, БАҚ-да өлкетануға қатысты жұмыстарды жандандыруды ұсынды.