Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ақмола-Целиноград-Астана» музей сабағы.

16.08.2018
«Ақмола-Целиноград-Астана» музей сабағы.

img01

ҚР Астанасының 20 жылдығын мерекелеуге арналған ай сайынғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы 16 тамызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қостанай қаласының мүгедектерге қызмет көрсету орталығынан келген балалар мен жасөспірімдерге «Ақмола-Целиноград-Астана» музей сабағы өткізілді. Іс-шара қатысушылары Ақмоланың түпкі атасы - орта ғасырдағы бұрынғы Бозоқ қалашығы туралы, қаланың революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдегі құрылу және даму тарихы туралы, астананы көшіру себептері және қазіргі заманғы - әлемдегі ең әсем қалалардың бірі туралы мол мағлұмат алды. Іс-шара барысында астананың көрікті орындары туралы викторина жүргізіліп, «Астана - жаңа мыңжылдық астанасы» деректі фильмі көрсетілді.