Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Туған жер сарыны» көрмесі ашылды. Көрмеден қостанайлық суретшілер Н. Торшин, Г. Соков, С. Шалунова, Н. Халифаева, О. Кусковтардың туындыларын тамашалауға болады.
Әрбір автор шығармашылық батылдығымен және өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады. Олардың туындыларымен таныса отырып, суретшілердің өзінің туған өлкесін, қаласын, өз елін қалай мақтан тұтатынын сезінесің. Суретшілер үшін туған жер оны халықпен, өткен уақытты бүгінмен байланыстыратын көпір іспеттес. Олар өз сүйіспеншіліктері және таңданыстарымен көрермендермен бөліседі.