2021 жылы 7 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09. 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Талқылау барысында Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени саласын дамыту жөніндегі тезистеріне ерекше назар аударылды, себебі музейлер қоғамның мәдени өмірінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.