2021 жылдың 8 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қатардағы жауынгер Байжан Қоржынбаев туралы музей қорындағы жеке заттары, құжаттары және фотоматериалдармен таныстырды.
Байжан Қоржынбаев 1898 ж. қазіргі Қостанай облысының Наурызым ауданында туған. Соғыс басталар алдында ұжымшарда жем-шөп дайындаумен айналысты. Қос басында соғыстың басталғанын естиді. Қатардағы жауынгер Б.Қоржынбаев Берлинге дейінгі соғыс жолын жүріп өтті. Майданда артиллерияшы болды.
«Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медалі және т.б. мерекелік медальдармен марапатталған.
Көрермендерге жерлесіміз, қатардағы жауынгер Б.Қоржынбаевтың өмірі мен майдан жолы туралы мол мағлұматтар берілді.
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/posts/1139760549848159
https://vk.com/video397862586_456239456
https://www.instagram.com/tv/CTj13IjDLN_/?utm_source=ig_web_copy_link