2021 жылдың 3-ші қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер Одағының «Elorda Art Gallery» көрме залында Қостанайлық суретші, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Наталья Халифаеваның «Туған жердің әсемдігі» атты жеке көрмесі ашылды.
Суретші-кескіндемеші Наталья Халифаева өз көрмесін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырған. Жеке көрмеде майлы бояумен туған жердің әсемдігін бейнелеген кескіндеме туындылары, сонымен қатар пейзаж, натюрморт пен тақырыптық композициялар ұсынылды.
Наталья Халифаеваның туған жеріне арналған пейзаждық циклінің тақырыбы сан алуан. Суретші табиғатты нәзік сезіне отырып, қоршаған ортадан алған әсерін кенепке жігерлене түсіреді. Суретшінің туындыларын тамашалағанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Көктем мезгілі, жаратылыстың жайдары жазы, сары ала күзі, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Олар лирикалық көңіл-күй мен сұлулыққа толы.
Наталья Халифаева туындыларында өзін нәзік лирик ретінде көрсетеді, туған табиғатымен бір-біріне деген айрықша құрметпен диалог жүргізеді, ол ішкі толғанысқа, табиғатқа пайыммен қарауға және әсемдікке толы.