Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған мұражайдың қор жиынтығынан ұйымдастырылған «Әскери антқа адал» атты көрменің ашылуы

10.02.2014
Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған мұражайдың қор жиынтығынан ұйымдастырылған «Әскери антқа адал»  атты көрменің ашылуы

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 2014 жылы 4 ақпанда Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай мұражайдың қор жиынтығынан «Әскери антқа адал» атты көрме ашылды. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің студенттері қатысты.

Ауған соғысы Қазақстан жеріне де көп қасірет әкелді. Соғысқа 22269 қазақстандық қатысып, 924 жауынгер ерлікпен қаза тапса, 1015 жауынгер мүгедек болып, 21 адам хабарсыз кетті. Ауғандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлкен үлгі-өнеге. Ауған тауларында әскери борышын өтеп қайтқан ардагер ағаларымыз ортамызда жүр. Олар әрқашан қарапайым халықтың сый - құрметіне ие.

Көрмеге Қостанай облысында туып-өсіп, ауған соғысында қаза тапқан 44 жауынгер мен хабарсыз кеткен 2 жауынгердің есімдері мен фотосуреттері орналастырылған стендтер қойылды.

Көрмеде қойылған жәдігерлер – «афганка», бронежилет әскери киімдері, қару үлгілері (жаяу әскерге қарсы қолданылатын итальяндық мина, гранаталар), Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамының солдаттары мен офицерлері – қостанайлық жауынгерлердің мемориалдық жиынтықтары, Әулиекөл ауданында туып-өскен, осы соғыста қаза болған БТР жүргізушісі Сағындық Бораншиннің оқ тескен әскери билеті, жеке хаттары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық.