«Тың жердің төсінде» сурет-тарихи көрмесі

19.03.2014
«Тың жердің төсінде» сурет-тарихи көрмесі

Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Тың жердің төсінде» атты көркем сурет-тарихи көрмесі әзірленді.

Көрмеге мұражай қорындағы Қазақстан және Ресей суретшілерінің 12 кескіндемелік туындылары қойылып отыр. ХХ ғ. әлемдік тарихта теңдесі жоқ орасан зор әлеуметтік-экономикалық жобасытың иге ру тарихы бейнеленген. Туған жер байлығы, Қостанай механизаторларының құлшынысы мен шабытты еңбегі Е. Соколовтың«Қостанай даласындағы алғашқы жер жырту», Е. Биткиннің «Совхоздың алғашқы қазығы», П.Огольцевтің «Жаңбырға дейін» және тағыда басқа картиналарда бейнеленген.

Сондай-ақ, көрмеге сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттер, ауыспалы тулар мен жалаушалар, марапаттар мен естелік белгілер, алғашқы тың игерушілердің комсомолдық жолдамалары және қоныс аудару куәліктері, 1950-жылдардың тұрмыстық заттары қойылған.

Көрмеге Л.Д. Лемперт, А.А. Боровской, Р.Д. Николаева, Ф.Ф. Нечаева сияқты алғашқы тың игерушілер өздерінің тың игеруде жасаған еңбектері туралы өздерінің тағдыры туралы бөлісті..

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін222   Кеше234   Бір аптаның ішінде1595   Айында715   Барлығы309873  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі