Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Театр - менің тағдырым» сахна саңлақтары Е.Өмірзақовтың 115 жылдығы және Халық артисі Қ.Бадыровтың 110 жылдығына арналған сазды-поэзиялық кеш

20.03.2014
«Театр - менің тағдырым»  сахна саңлақтары Е.Өмірзақовтың 115 жылдығы және Халық артисі Қ.Бадыровтың 110 жылдығына арналған сазды-поэзиялық кеш

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері 2014 жылдың 18 наурызында қазақ сахна өнеріндегі алғашқы толқын өкілдері Е.Өмірзақов және Қапан Бадыровтың шығармашылық өмірлеріне арналған сазды-поэзиялық кеш өткізді. Е.Өмірзақов пен Қ.Бадыров - қазақ өнерінің небір тума таланттарын дүниеге әкелген қасиетті Қостанай топырағында өмірге келіп, театр сахнасы мен кино өнеріндегі қайталанбас бейнелерімен ел жадында мәңгі сақталған сом тұлғалар.

1925 жылы Қызылорда қаласында Қазақ мемлекеттік драма театры (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия драма театры) құрылғанда ұлттық өнеріміздің алғашқы жұлдызды шоғыры Қ.Қуанышбаев, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаевтармен бірге Е.Өмірзақов пен Қ.Бадыров та алғашқы ұлт театрының іргетасын қалап, оның өркен жаюына мол үлес қосты.

Іс-шара барысында І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының бас режиссері Е.Ж.Төлеубай театр майталмандарының шығармашылық ерекшеліктері туралы, олармен өнер саласында кездескен сәттері жайлы әңгіме тарқатты, сондай-ақ Қ.Бадыровтың немере інісі О.Ғ.Бадыров атасының өмірдегі болмысы мен мінезі жайлы қызықты әңгімелер айтты. Кеш соңында Е.Өмірзақов пен Қ.Бадыров түскен қазақтың тұңғыш көркемфильмі «Амангелді» фильмінен үзінді көрсетілді.

Галерея изображений