«Қастеев дәуірі» - Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына арналған мұражайдың қор жиынтығындағы туындылар көрмесі

10.02.2014
«Қастеев дәуірі» - Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына арналған мұражайдың қор жиынтығындағы туындылар көрмесі

2014 жылдың 5 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының халық суретшісі, Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі – Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына арналған «Қастеев дәуірі» - атты мұражайдың қор жиынтығындағы туындысын ұсындық.Әбілхан Қастеев қазақ көркем сурет өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан шебер.

Ә.Қастеев туындыларының топтамасы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 1960 жылы Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясынан (Алматы қ.) тапсырылған. Көрмеде Ә. Қастеевтің 16 туындысы және халық суретшісі Николай Хлудовтың бір туындысымен таныстырылды. Себебі Н. Хлудов Ә. Қастеевтің алғашқы ұстазы.

Көрмеге жергілікті суретшілер шақырылды: Г.М. Соков, В.В. Быков және басқада жерлес өнер сүйгіш қауым. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің туындыларымен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері мен А. И. Никифиров атындағы көкемөнер мектебінің оқушлары таныстырылды.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін219   Кеше234   Бір аптаның ішінде1592   Айында712   Барлығы309870  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі