Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ҚОЗЫБАЕВ МАНАШ ҚАБАШҰЛЫ

(1931 ж., Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Итсары ауылы - 2002 ж.) - тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері.

1947 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Меңдіқара педагогикалық училищесін үздік аяқтаған. 1953 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің тарих факультетін бітіреді. Қостанай мұғалімдер институтында аға оқытушы болған. 1980-1985 ж. Қазақ кеңес энциклопедиясының бас редакторы.  1988 жылдан ҚР ҰҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, 1993 жылдан ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі болды. 800-ге тарта ғылыми еңбектердің, оның ішінде монографиялардың авторы. Қазақстан тарихы бойынша орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындады. Отан тарихына қатысты Кеңес өкіметі тұсында бұрмаланған қазақ тарихын жаңғыртуда еңбегі зор. Қазақ елінің азат та дербес тарихын жасауға өлшеусіз үлес қосып, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашты.1980-ші жылдардың аяғы - 1990-шы жылдардың басында ғалым ХVІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихының мәелелерін зерттеуде жаңа әдістеме әзірледі.

Республика Үкіметінің 2003 жылдың 30 мамырындағы қаулысымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне М.Қозыбаевтың есімі берілді.