ОМАРОВ ІЛИЯС

(1912 ж., қазіргі Қостанай облысының Сарыкөл ауданы Қараоба ауылы - 1970 ж.) - мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, публицист, жазушы, Қазақ КСР-нің мәдениет министрі.

1933 жылы Ташкенттегі Орта Азия жоспарлау экономикасы және сауда-тауар ісі институтын бітірген соң Қызылордада сауда техникумының директоры, Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп Халық комиссариатының қызметкері болды.  Қазақ КСР Сауда халық комиссары болды, 1955-1961 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1959-1961 ж. «Қазақфильм» киностудиясының директоры, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің кеңесшісі қызметтерін атқарып, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ кино өнерінің дамуына өз үлесін қосты.  1967-1970 жылдары Қазақ КСР-нің мәдениет министрі.

І.Омаровтың қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы мәселелеріне, көркемдік ерекшеліктеріне арналған «Әдебиет туралы ойлар», «Оқушы көзімен», «Серпін», «Шабыт шалқары» сияқты сын мақалалары жарық көрген.

І.Омаров Ленин орденімен, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

2001 жылы қыркүйек айында Қостанай облыстық қазақ драма театрына Ілияс Омаровтың есімі берілді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін219   Кеше234   Бір аптаның ішінде1592   Айында712   Барлығы309870  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі