Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қасқыр

07.04.2021

Қасқыр өз тұқымдастарының арасындағы ең ірі хайуан, тұрпатты, сирақтары ұзын. Қазақстанның барлық аймағында бар, тек сусыз ортада ғана жоқ. Орманды, далалы, шөлді, таулы және тоғайлы жерлерде, қамысты жайылмаларда тіршілік етеді. Оның денесінің ұзындығы (құйрығын есептемегенде) 160 см дейін, құйрығының ұзындығы 52 см дейін, шоқтығының биіктігі 90 см дейін жетеді; салмағы 90-100 келі болады.

Оның   терісі қыста өте жылы болады. Қысқа қарай түгі қалыңдайды.   Суық желге, елу градус аязға төзімді. Көктемде терісі түлейді.  Қасқырдың құйрығы арқасына қарай иілмейді, төмен қарай түсіп тұрады немесе көлденеңінен қайқиып тұрады. Қасқыр аузын ешқашан кең ашпайды. Жақ сүйектері қысаң, сондықтан асықпай жейді. Қажет болса олжасын кесегімен жұтады.  Аса азулы. Ол бұғыны алқымынан алып, бүйірін тістеп алады. «Қасқыр жарып кетті» деп бекер айтпаса керек. 

 Қасқырдың аяқтары, әсіресе артқы аяқтары қарымды. Ол төменге де, жоғарыға да қарғып секіре алады. Бұны «бақылау секіріс» деп атайды. 

Қасқыр апанын су көзінің маңайындағы ағаш түбірлерінің арасында жасайды. Аналығы екіден сегіз күшікке дейін күшіктейді. Олар жануарлардың тамағымен қоректенеді, егер ірі жануар болмаса кішкентай кеміргіштерді жейді, қояндар мен суырларды аулайды. Үй жануарларына шабуылдайды. Жазғы уақытта аздап өсімдік азығын жейді (итмұрын, долана және т.б. жемістерді).  

Қасқырлар да басқа жабайы хайуандар сияқты құтыру, ішек құрт ауруларын тасымалдаушы болып табылады. Сонымен бірге қасқырлардың биоценотикалық маңызы бар. Олар өлген және ауру жануарларды жеп, санитар рөлін атқарады.