Біздің көлдердің басым бөлігі суы аз және құрақ, қоға, қамыс тұтасып өскен жайылма. Адамдардың баспанасынан алысырақ дәл осы жерде біздің облыстағы ең ірі хайуандардың бірі - жабайы шошқа тіршілік етеді.
Жабайы шошқа 190 келіге дейін тартады. Шомбал, жуан және қысқа мойынға ұзын жалпақ құлағы, кішкентай көздері, алға қарай созылған жалпақ тұмсығы бар сына тәрізді басы орналасқан. Шошқа тұмсығымен 15-17 см тереңдікке дейін қазадыт. Аталықтарының азу тістері өте ірі және жоғары, сыртқа қарай қайқы және ұрғашысына қарағанда жақсы дамыған. Денесін қалың қыл басқан. Жабайы табиғатта, далада кездескеннің бәрін қорек етіп, талғамай жей береді.
Ауыр денесін жеңіл алып жүреді. Қажет болған жағдайда дұшпанына қарсы ұмтылады және жыртқыштардан өзін қорғай алады.