Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Үкі

07.04.2021

Үкі – біздің ормандардағы ең ірі құс. Бет-бейнесі барлық үкілерлерге тән. Басы үлкен, көздері бақырайған, жан-жаққа шашырай орналасқан қауырсындары жұмсақ. Бұл «бет дискісі» деп аталады. Аяқтарын тырнағына дейін қауырсын басқан, саусақтарының бірі өрмелеу табанын тәрізді артқа қарай бұрыла алады. Тұмсығының негізін өте сезімтал жіңішке, қатты қауырсын  басқан. Жемін көбіне түнде аулайды, бірақ көзі күндіз де жақсы көреді. Қолда ұстаған үкі 60 жасқа дейін жасауы мүмкін. Барлық ландшафта мекендейді, отырықшы құс, кейде көшеді. Қанаттарының құлашы 1,5-1,8 метр, салмағы 2-4,2 келі.  

Үкінің де барлық жапалақтардай жемсауы жоқ, сондықтан көп жей алмайды, оңаша орынға қор жинайды. Ірі олжасын өткір тұмсығымен жарып жіберсе, ұсақ олжаны ауырсыны, сүйегімен бірге тұтас жұтады. Ұстап алған құстың қауырсынын жұлып тастауы мүмкін. 

Үкі жем іздегенде керемет есту және көру қабілетінің көмегін пайдаланады. Үкінің көзі – жақсы жетілген, көру бұрышы 160 градусқа дейін жетеді. Кейде бқл жеткіліксіз болғанда басын бүйірге, артқа және 210, кейді 270 градусқа дейін бұрады. Барлығы бір бағытта, тік осьтің айналасында.

Ол қараңғы түнде 0,000002 люкс жарықта тышқанды көреді. Үкі күндіз де  жақсы көреді. Алыстан көргіш үкі тұмсығының астындағы нашар көреді.  Сондықтан тұмсығында сезімтал қауырсыны болуы керек. Сезімтал қауырсындары арқылы олжасын жемей тұрып қармалап көреді. Үкі кейде егеуқұйрықты да ұстайды, оны тырнақтарымен бүріп ұстап, қылғындырып, «бетіне» тақайды. Бірақ оны қарау үшін емес, қауырсындарымен қармап көру үшін жақындатады.

Үкілер өте саққұлақ. Олар қабырғада кетіп бара жатқан тарақанның дыбысын да естиді. Олардың құлағы біздің құлағымыздан елу есе сезімтал. Тек үкілердің ғана құлақ жарғағы – құлағының айналасындағы тері буылтығында айрықша қатты қауырсындар өседі. Үкінің басындағы қауырсының есту қабілетіне қатысы жоқ.  Бұл жай әшекей. Құлақтары басының бүйір жақтарында, артқа қарай орналасқан және симметриялы емес. Сондықтан үкі  арт жақтан сыбдырды жақсы естиді. Жағдайды нақты түсіну үшін басын айналдырып төменге және бүйір жаққа бұрады.

Үкінің жүні өте жұмсақ, қауырсындары үлпілдек, дөңгелек, дыбысты өшіретін шаш тәрізді қауырсындар көп. Қауырсынның түсі бүркемелеп тұратын шұбар.  Мұндай үлкен құс күндіз жасырынып, қозғалмай тыныш отыра алады, сондықтан оны байқау қиын.

Тышқаннан қоянға дейін, сары шымшықтан құрға дейін бәрі үкінің жеміне айналады. Адамдардан алыс, оңаша жерлерде өмір сүреді. Үкілердің саны көп емес, ол табиғат ескерткіші ретінде қорғауға лайық екені сөзсіз. Орнитологтардың пікірі бойынша, санының азаюының басты себебі – жергілікті тұрғындардың қауырсын алу үшін ұяларын бұзуы. Ежелгі наным бойынша оның қауырсынындағы бедер Құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп саналған, сондықтан үкінің қауырсыны мен тырнағын тұмар ретінде қолданған. Үкінің қауырсынын бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен балалардың, қыздардың бас киіміне таққан.  Тырнағын күмістен жасалған әйел әшекейлеріне қолданған.