Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бұлан

07.04.2021

Бұлан біздің өңірдегі тұяқты жануарлардың ең ірісі. Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді, салмағы 350-600 келі. Түгі қатты, қара қоңыр; аяқтары ақшыл сұр, ақ. Аталықтарында (қазіргі сүтқоректілердің ең ірісі) үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады; олардың құлашы 180 см дейін жетеді, салмағы – 20 – 30 келі. Бұланның мүйіздері жыл сайын қараша-желтоқсан айларында түседі, сәуір-мамыр айларына дейін мүйізсіз жүреді. Аналықтарында мүйіз болмайды.      Бұлан күшті жануар, түрлі жағдайларда өмір сүруге бейімделе алады, қореқ талғамайды. Жапырақты, көптеген ағаштардың қабықтарын, су өсімдіктерін, саңырауқұлақтарды және жидектерді де жей береді.  Әсіресе, көктерек, терек, тал, шетен  және қайыңды жақсы көреді. Қазақстанда Жайық өзені аңғарындағы ормандарда, солтүстік облыстардың ормандарында және шығыста Ертіс бойы мен Алтайда кездеседі. Наурызымдағы қарағай ормандары мен шоқ ормандарда да кездеседі.