Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін95   Кеше77   Бір аптаның ішінде438   Айында1995   Барлығы237654  
Жаңалықтар
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 16 тамызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде қостанайлық танымал суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Александр Захарченковтың «Акварельдің шынай түстері» атты шеберлік сабағы өтті. Суретші қылқаламның асқан шеберлігін, пейзаждық кескіндеме жасауда…
2021 жылы 16 тамызда «Ерліктің Отаны - Батырдың Отаны» атты еске алу және ризашылық халықаралық эстафетасы аясында Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Леонид Беда - аспанға берілген өмір» Халықаралық практикалық онлайн конференциясы өтті. Конференцияға - Мәскеу мемлекеттік халықаралық…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Экспозициялық залдар музейге келушілер үшін дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 10.00-ден – 17.00-ге дейін ашық. Жексенбі – демалыс. Айдың соңғы күні – санитарлық күн. Музейге кіру тегін. Экскурсияға тапсырыстар 50-03-89; 50-35-74 тел. арқылы…
Көрнекті жерлестеріміздің арасында ақын, халық жазушысы Ғафу Қайырбековтің орны ерекше. Ол кісінің есімі біздің облысымыздың тарихымен тығыз байланысты. Ақынның туған күні қарсаңында музей қызметкері «Алау» телеарнасындағы «Өмір ағымы» бағдарламасының көрермендеріне Ғафу Қайырбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды ақпараттық материалдар дайындады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы «Біз бейбітшіліктің суретін саламыз» атты шеберлік сабағы музейдің кішкентай келушілеріне арналды. Бұл шеберлік сабағын қарапайым және көңілді ететін дәстүрлі емес әдіс. Күрделі элементтерді сызудың және қылқаламды шебер меңгерудің қажеті жоқ. Балалар күнді, үйлерді, табиғатты…
Қазақ халқы ерте заманнан ыдыс-аяққа бай. Ыдыс-аяқтар мәні жағынан тек тұтыну бұйымы ғана емес, ұлттық дүниетанымда алар орны ерекше екені белгілі. Халқымыз күнделікті тұрмыста пайдаланған ыдыстар ғұрыптық қызмет те атқарған. Мәселен, тоқшылықтың, сый-құрметтің, береке-бірліктің, татулықтың, т.б. Музей қызметкері этногрфиялық жиынтықтағы…
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында музей қызметкерлері Қостанай облысының 85 жылдығына арналған «Гүлдене бер, туған жер» атты поэзия сағатын дайындады. Өлкеміздің көркем жерлерін таныстыра отырып, танымал қостанайлық ақындар - Мәриям Хәкімжанова, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбековтің туған жер туралы жырлары, сонымен…
«Алау» ТРК-ның «Өмір ағымы» бағдарламасының көрермендері үшін «Көненің көзі» кезекті айдарында музей қызметкері Александр Захарченковтың 65 жылдық меретойына арналған "Түрленген бояулар" атты дербес мерейтойлық көрмесі жайында баяндап берді.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Пленэр-2021» - облыстық көркемсурет жобасы аясында өлкенің табиғи ландшафтын насихаттау және музей қорын толықтыру мақсатында қостанайлық суретшілер 2021 жылдың 26-сы мен 30-шы шілде аралығында Ұзынкөл ауданына барды. Жобаға ҚР Суретшілер одағының мүшелері, суретші-кескіндемешілер - Вадим Быков,…
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында 2021 жылдың 23 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде онлайн форматта танымал қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Александр Захарченковтың "Түрленген бояулар" атты дербес мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Александр Захарченков –…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі