Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін25   Кеше171   Бір аптаның ішінде724   Айында5350   Барлығы295473  
Жаңалықтар
1977 жылдан бері 18 мамырда бүкіл әлемде мұражай қызметкерлері Халықаралық мұражайлар күні – кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күні мұражайлар барлық келушілерге жаңа экспозицияларын және мәдени-ағарту жобаларын көрсетіп, ашық есік күнін өткізеді. 1997 жылдан бері мереке аясында арнайы мәдени «Мұражай…
В эту единственную в году мировую музейную ночь мы приглашаем всех бодрствующих и любознательных. У Вас будет редкая возможность не только увидеть экспонаты неизвестных широкой публике ведомственных музеев Костаная, но и получить визуальный шок в «Кунсткамере диковинок природы». Вы сможете…
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық жасөспірім-балалар кітапханасының «Балалар кітабының апталығына» табиғат секторының қызметкерлері қатысты. Апталықтың бірінші күні «Кітаптар тоғайы» деп аталып, хайуанаттар әлеміне арналады. Мұражай қызметкері А.В. Андрющенко балалармен кездесуге алабажақ кесіртке туралы айта отырып, жабайы жануарларды ұй жағдайында күтіп баптау…
2014 жылы 19 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Наурыз мерекесіне арнап «Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» атты іс-шара өткізілді. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күнінде мұражай қызметкерлері іс-шараға қатысушыларға ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын көрсетіп, сақтау әдістері туралы түсінік берді. Қазақ халқы…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері 2014 жылдың 18 наурызында қазақ сахна өнеріндегі алғашқы толқын өкілдері Е.Өмірзақов және Қапан Бадыровтың шығармашылық өмірлеріне арналған сазды-поэзиялық кеш өткізді. Е.Өмірзақов пен Қ.Бадыров - қазақ өнерінің небір тума таланттарын дүниеге әкелген қасиетті Қостанай топырағында өмірге…
Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Тың жердің төсінде» атты көркем сурет-тарихи көрмесі әзірленді. Көрмеге мұражай қорындағы Қазақстан және Ресей суретшілерінің 12 кескіндемелік туындылары қойылып отыр. ХХ ғ. әлемдік тарихта теңдесі жоқ орасан зор…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 2014 жылы 4 ақпанда Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай мұражайдың қор жиынтығынан «Әскери антқа адал» атты көрме ашылды. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің студенттері қатысты. Ауған соғысы Қазақстан жеріне…
2014 жылдың 5 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының халық суретшісі, Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі – Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына арналған «Қастеев дәуірі» - атты мұражайдың қор жиынтығындағы туындысын ұсындық.Әбілхан Қастеев қазақ көркем сурет өнерінің дамуына үлкен…
16 января 2013 года в Костанайском областном историко-краеведческом музее прошел фольклорно-этнографический праздник «Святки – гулянье, катание, гадание». Святки – один из самых любимых в народе зимних праздников, в котором сохранились отголоски древних обрядов. Начинались они после Рождества и продолжались до…
2 Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Еңбек Ерлері: даңқ тоғысы» атты көрме 2013 жылдың 13 желтоқсанында ашылды.
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі