Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Мектеп музейлерінің виртуалды экскурсиялар облыстық байқауы

16.03.2020
Мектеп музейлерінің виртуалды экскурсиялар облыстық байқауы

«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ мен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ өлкенің тарихи-мәдени мұрасын сақтау бойынша қоғамдық музейлердің қызметін насихаттау мақсатында мектеп музейлерінің виртуалды экскурсияларының облыстық байқауын ұйымдастырды. Байқауға облыстың білім беру мекемелерінің 26 музейлері қатысты.

І дәрежелі Дипломмен музей экскурсиясының толықтығы мен мазмұндылығы, баяндау логикасы мен шығармашылық тәсілі үшін Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназиясы марапатталды.

ІІ дәрежелі Дипломмен виртуалды экскурсияда қоғамдық музейлер бойынша Пресногорьков орта мектебі мен Қостанай қаласының №4 мектебі марапатталды.

ІІІ дәрежелі Дипломмен Тобыл қаласының №2 мектебі, мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі, Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі марапатталды. Байқаудың басқа қатысушыларына Сертификат берілді. Қоғамдық музейлердің үздік виртуалды экскурсиялары таяу уақытта Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайты мен мультимедиялық киоскіге орналастырылады.