Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін209   Кеше259   Бір аптаның ішінде1348   Айында468   Барлығы309626  
Жаңалықтар
1992 жылдан бастап жыл сайын 18 қазанда Қазақстан халқының рухани келісім күні аталып өтіледі. Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Балалар жылы аясында «Қазақстан - рухани келісім мен мәдениет орталығы» атты төзімділік сабағын өткізді. Музей қызметкері № 19 жалпы білім беретін…
2022 жылдың 12 қазанында «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері қазақтың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі.
10 қазанда «Өлкенің ежелгі тарихы» залында «Бірегей археология» топтамасынан бір заттан тұратын кезекті көрме ашылды. Келушілер назарына Денисов тарихи-өлкетану музейінің қорынан екі басты қошқар бейнесімен зооморфты төлке тәрізді ұш ұсынылды. Бірегей жәдігер және Қазақстан аумағында мұндай біреу ғана. Ортасынан қарама-қарсы…
2022 жылдың 7 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Л.И.Русин атындағы жеке меншік көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының «Жануарлар әлемі бейнеленген суреттер» атты көрмесі ашылды. Көрмеде түрлі техникада орындалған 90-нан астам жұмыс ұсынылды, жұмыстардың негізгі тақырыбы - жануарлар әлемі. Көрменің «Жануарлар әлемі…
30 қазанда А. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары үшін қаланың байырғы тұрғыны, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Г.М. Соковпен «Қостанай суретші көзімен» атты экскурсия өткізілді. Экскурсияда Георгий Михайловичтің Қостанай қаласының бұрынғы көрінісі бейнеленген картиналарының репродукциялары ұсынылды, қазіргі кезде олардың көпшілігі сәулет…
2022 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті қоғам және саяси қайраткер, көсемсөзші, әдебиет сыншысы Ілияс Омаровтың туғанына 110 жыл толуына орай «Өмір философиясы» атты музыкалық-көркем кеш өтті. Шара барысында шақырылған қонақтар Ілияс Омаровтың шығармашылық және өмір жолы туралы…
2022 жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, Астананың жас суретші-кескіндемешісі Ренат Елубаевтың «Туған жерге тағзым» атты дербес көрмесі ашылды. Ренат Елубаев Қостанай облысының Арқалық қаласында туған, бала кезінен сурет салумен айналысты.…
2022 жылдың 28 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Астана қаласынан келген Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Ренат Елубаевтың «Акварель технологиялары» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің "Визуалды өнер, көркем еңбек, графика…
Бүгін, Балалар жылы аясында және Еңбек күні мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Еңбек ер атандырады» тақырыбында музей сабағын өткізді, сабақ барысында музей қызметкері жалпы білім беретін № 19 мектептің оқушыларына мерекенің негізгі мақсаты, идеясы мен тарихи деректер туралы айтып…
21 қыркүйек күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «А.Байтұрсынұлы мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, өлкетанушылар,…
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі