Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін167   Кеше233   Бір аптаның ішінде167   Айында4793   Барлығы294916  
Жаңалықтар
2022 жылдың 14 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейi "Шағала" жағалауымен серуендеп жүрген жас қостанайлықтар үшін өзен трамвайымен «Тобыл жағасындағы қала» атты трэвел-экскурсия өткізді. Бұл қалаға ерекше қырынан қарауға, дала кеңістігіндегі шағын қаладан қазіргі заманғы өнеркәсіптік-сауда және мәдени орталыққа айналған туған…
2022 жылдың 12 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Акварель әлеміне саяхат» көркемсурет көрмесі ашылды. Көрмеде Қазақстан мен Ресейдің кеңестік кезеңдегі көрнекті суретшілерінің музей қорындағы жұмыстары қойылған. Cан қырлы шығармашыл тұлғалар өздерінің қызметі арқылы бейнелеу өнері тарихына есімдерін жазып қалдырды және…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде алматылық танымал кескіндемеші, акварельші, біздің жерлесіміз Ғани Баймұқанұлы Баян қонақта болды. Оның туындылары әлемнің көптеген музейлері мен жеке топтамалардың сәніне айналып, Қазақстан мен шетелде өткен көрмелерге қойылған. Өзінің жемісті шығармашылық қызметі жылдарында Ғани Баян көптеген жерлерде…
6 шілдеде елімізде мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Астана күні атап өтіледі. Бұл оқиғаның халық үшін маңызды тарихи-мәдени мәні бар және Қазақстан Республикасының жетістіктерінің символы болып табылады. Мемлекеттік мереке қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы «Нұр-Сұлтан - бейбітшілік пен арман…
Первое воскресенье июля в Казахстане отмечается День домбры. 1 июля 2022 года в рамках Года детей и в преддверии празднования Национального Дня домбры Костанайский областной историко-краеведческий музей подготовил  интерактивный проект «Домбыра әлемі». Сотрудник музея  познакомила учащихся общеобразовательной школы №29 и…
2022 жылдың 24 маусымында Балалар жылы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде №27 орта мектептің оқушыларына акварель бойынша «Жазғы пейзаж» атты шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сабағына қатысушылар Қазақстанның Ә.Қастеев, А.Исмайылов сынды белгілі қылқалам шеберлерінің музейдің қор жиынтығындағы туындыларын тамашалап, бояу, қағаз,…
23 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысының қатысушысы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Иван Фомич Павловтың  туғанына 100 жыл толуына арналған «Жер мен көктегі ғұмыр» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара тікелей және қашықтық форматта өтті. Дөңгелек үстел барысында…
2022 жылдың 22 маусымында «Алау» ТРК «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» апталық айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері қазақтың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері туралы, сонымен қатар отбасының басты құндылықтары мен қыз балалардың тәрбиесі туралы айтып берді.
2022 жылдың 17 маусымында Бүкіләлемдік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Мичурин жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін «Біз өмірді таңдаймыз» атты әңгімелесу сағатын өткізді. Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса…
25 маусымда «Қостанай таңы» қоғамдық-саяси газетінің жарық көргеніне 100 жыл толады. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында газет тарихы, газет редакторлары М.Сералин, З.Рүстемов, Х.Өзденбаев, Қ.Бекқожин, С.Әбдібеков, жауапты хатшысы Б.Майлин және т.б. журналистер туралы…
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі