Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Шығармашылықтағы өмір» суретші Г.Соковтың 85 жылдығына орай еске алу көрмесі

24.02.2026
«Шығармашылықтағы өмір» суретші Г.Соковтың 85 жылдығына орай еске алу көрмесі
2026 жылдың 20 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында «Шығармашылықтағы өмір» атты суретші Г. Соковтың 85 жылдығына арналған еске алу көрмесі ашылды. Экспозицияға суретшінің отбасылық архивінен және музей қорларынан алынған 50 туындысы қойылды. Келушілер шебердің жарты ғасырдан астам уақытты қамтитын шығармашылық жолымен таныса алады. Көрмеде оның 1969 жылғы алғашқы этюдтерінен бастап, 2024 жылы салған соңғы туындыларына дейінгі жұмыстары ұсынылған. Көрмеге суретшілер, көркемсурет мектептері мен студияларының оқушылары, қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері қатысты.