Георгий Михайлович Соков (1941-2024) - таныстыруды қажет етпейтін талантты суретші, график, театр сахнасын безендіруші және ұстаз. Ол өте танымал, оны өнерсүйер қауым жақсы біледі. Георгий Соковтың жұмыстары жанр, орындалу техникасы және тақырыптық жағынан алуан түрлі, бірақ әрқашан философиялық ой тереңдігімен, асқан шеберлігімен таң қалдырады. Ол өмірді бақылау және нәзік қабылдау қабілетімен, туған жерге деген асқан қамқорлығы мен құрметінің, түстерді тамаша сезінуі және кескіндеме тәсілдерінің серпінділігінің арқасында жерлестерінің шынайы құрметіне бөленіп, Қазақстан шекарасынан тыс жерлердегі өнерді бағалай білетін мамандардан лайықты бағасын алды.
Георгий Соков - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай облысы әкімінің «Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты және Меценаттар клубының «Қазына» номинациясы сыйлығының лауреаты атанды. Оның жұмыстары Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, Астана, Павлодар, Петропавл, Троицк және Қостанай музейлерінде, сондай-ақ жеке коллекцияларда сақталған. Георгий Михайлович бірнеше жылдар бойы кескіндеме туындыларын, иетаңбалар топтамасын және театрлық-сәндік өнер туындыларын сыйға тартты. Біз, Георгий Михайловичке музейге тарих, мәдениет және көркем мұра сақтаушысы ретінде сенім артып, сыйға тартқан әрбір жұмысы үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.
View the embedded image gallery online at:
https://kraeved-kst.kz/kz/news-kz/zha-aly-tar/sar-ylmas-shabyt-atty-k-rme.html#sigProGalleriadaba0ea62f
https://kraeved-kst.kz/kz/news-kz/zha-aly-tar/sar-ylmas-shabyt-atty-k-rme.html#sigProGalleriadaba0ea62f







