Іс-шараға ақын-жазушылар, өлкетанушылар, ақынның ұрпақтары, мәдениет саласының қызметкерлері, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институтының студенттері қатысты.
Әдеби-музыкалық кеш барысында шақырылған қонақтар Ехсан Есетұлы туралы естеліктермен бөлісіп, оның «Бауыр аға», «Ұмытпан» әндері орындалды.
Сондай-ақ Е.Есетовтің жеке жиынтығынан көрме ұсынылды.