Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін92   Кеше77   Бір аптаның ішінде435   Айында1992   Барлығы237651  
Жаңалықтар
Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде аталып өтеді. Бұл күні қалай болғанда да темекі шегушілерді осы жаман әдеттен бас тартуға ойландыратын түрлі іс-шаралар өткізіледі. 18 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Темекі шегу сәнді емес, темекі…
2016 жылдың 10 қарашасында картина галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қостанай облысының 80 жылдығына арналған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың VII облыстық «Жас толқын-2016» конкурсына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер номинациясы бойынша…
Қазақстанда жыл сайын 15-ші қарашада тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгісі Ұлттық теңге күні атап өтіледі. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мереке қарсаңында Н. Островский атындағы «Дорожный» құрылымдық бөлімінің кітапханасымен бірлесіп индустриялық колледжінің оқушылары үшін қызықты сұрақ-жауап ойынын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар…
2016 жылы көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, қазақ тарих ғылымындағы жарқын, биік тұлғалардың бірі Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туылғанына 85 жыл толады. Ғалым Қазақстан тәуелсіздігінің он жылы ішінде еліміздің өткен тарихын, қазіргі қоғамдық-әлеуметтік жағдайын ақиқат тұрғысында саралауға зор үлес қосты. Қазақ жұртына…
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сары шымшық күні» атты экологиялық акция өтті. Ол халық арасында «Зиновий – синичник» аталған қыстайтын құстарды қарсы алу күніне (12 қараша) орай ұйымдастырылды. Бұл күні полярлық жапалақ және ақ шымшық - «қысқы қонақтарды» қарсы алуға дайындалып, біздің…
2016 жылдың 20 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстың мемлекеттік музейлерінің қызметкерлеріне арналған «Қазіргі жағдайдағы музейлердің экспозициялық-көрмелік қызметі» тақырыбындағы әдістемелік семинар-практикумы өтті. Семинарда берілген тақырып бойынша музейлерден 8 хабарлама тыңдалып, презентациялар көрсетілді. Музей жұмысының ең өзекті тақырыбында маңызды әңгіме қозғалды.…
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, жыл сайын 18 қазанда атап өтілетін Рухани келісім күнін мерекелеумен тығыз байланысты. Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні. Дәл осы жайлы 2016 жылы 18 қазанда…
2016 жылдың 13 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 175-жылдығына арналған «Қазақ даласының шам-шырағы» атты көрме ашылды. Ыбырай Алтынсарин - ХІХ ғ. көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, Торғай облысы халық мектептерінің инспекторы, қоғам қайраткері, Қостанайдағы тұңғыш орыс-қазақ…
2016 жылдың 14 қазаныңда ҚР Суретшілер одағының мүшесі Андрей Арискиннің «Табиғат құбылысының үйлесімділігі» атты дербес көрмесі ашылды. Көрмеге суретші акрил техникасында орындаған 30 шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Андрей Арискин Қырымдағы Н.С. Самокиша атындағы көркемсурет училищесінде оқыған, қазіргі таңда Рудный қаласында тұрады…
2016 жылдың 06 қазаныңда картина галереясында жас суретші Екатерина Садовникованың «Өмірді аңсау» атты алғашқы дербес көрмесі ашылды. Көрмеде автордың қоршаған ортаның сан қыры мен әсемдігін көрсететін 32 жұмысы ұсынылды. Жас суретші өмірге, оның барлық көріністеріне деген сүйіспеншілігін көрермендерімен шаттана бөліседі.…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі