«Өлкенің ежелгі тарихы» залында «Бір жәдігер» көрмесі жұмыс істейді.
Қонақтар назарына музей қорына Қаратомар қорымы топтамасымен бірге түскен белбеудің қола тоғасы ұсынылған. Тоғаның сюжеті «Аң стилінде» жасалған, жыртқыщ аңның түйеге шабуылы бейнеленген. Мұндай тоғалар сармат жауынгерлерінің жерлеу орындарында сирек кездеседі. Қазақстан аумағынан барлығы осындай бес тоға табылған.