ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында 2021 жылдың 14 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында «30 шебер» көркемсурет альбомы - кітаптың тұсаукесері өтті.
Кітап Мәдениет басқармасы шеңберінде Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің қолдауымен жүзеге асты.
«30 шебер» көркемсурет альбомын шығарудың бастамашысы мен авторы «Баспа үйі» ЖШС-нің директоры Валентина Ивановна Захарченко, Қостанай суретшілері туралы мәтіндерді журналист Станислав Кисилёв жазған.
«30 шебер» альбомы ауқымды облыстық жоба «ART-Қостанай» кітап сериясын шығарудың жалғасы болып табылады. Мұнда алғаш рет Қостанай туған жеріне айналған авторлардың туындылары жан жақты ұсынылған. Олардың бірі Қостанайда туып-өссе, енді бірі ұзақ жылдар бойы осында тұрып, шығармашылықпен айналысқан. Альбомға енген 30 суретшінің әрбірі Қостанай облысынан тыс жерде де танымал, өнерден өзіндік өрнегін тауып, ешкімге ұқсамайтын ерекше қолтаңбасымен көрерменнің ықыласына бөленген. Олардың ішінде өнер академиктері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, халық суретшісі, еңбек сіңірген суретшілер де бар. Олардың туындылары мемлекеттік музейлер мен әлемнің жеке жиынтықтарында сақталған. «30 шебер/30 мастеров» альбомы осы жинақтың шыққан аймағын айшықтай отырып, Қостанай өңірін мәдени-көркемсурет орталығының бірі ретінде таныта алады.