Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Сәуле шашқан суреттер» - музейдің қор жиынтығындағы кескіндеме туындыларынан көрме.

29.12.2021
«Сәуле шашқан суреттер» -  музейдің қор жиынтығындағы кескіндеме туындыларынан көрме.

Қалыптасқан дәстүр бойынша дәл осы аязды күндері, сүйікті қысқы мерекелер Жаңа жыл мен Рождество қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициясында «Сәуле шашқан суреттер»  көрмесі ашылды. Көрмеде қыс тақырыбындағы  жұмыстар ұсынылған.

Суретшілер табиғаттан өз сезімдері мен ойларының көрінісін табады, көңіл-күйін білдіруге тырысады. Бұған таңқаларлық емес, кеңістіктің табиғаты әртүрлі, ол өзінің керемет сұлулығымен баурап алады, шабыттандырады. Қысқы табиғатқа қараған кезде  айналадағы әрбір бұтаның, әрбір қайыңның және жан-жануардың жаңа жылдық сиқырға қаныққанын байқайды. Әрине, көрмеге қойылған жұмыстар алуан түрлі, анық және толық бейнеленген.  Сызықтар, бояулар кенептерге жұмбақтық береді және бөлшектерге назар аудармай, олардың сұлулығын толық бағалауға мүмкіндік береді.

  Көрмедегі әрбір жұмыс аязды балғындықпен, күннің сәулесінде қармен шағылысқан, ең бастысы Жаңа жылдың келуін асыға күткен сезімге толы.