Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін92   Кеше77   Бір аптаның ішінде435   Айында1992   Барлығы237651  
Жаңалықтар
2017 жылдың 12 қаңтарында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта ЭКСПО – 2017 жылына арналған «ЭКСПО әлемі» атты көркем фотосуреттердің жылжымалы көрмесі ашылды. Картина галереясы ұйымдастырып отырған көрмеде қостанайлық фотосуретші, ҚР Журналистер одағының мүшесі Георгий Шаповаловтың 20-дан астам көркем…
Жаңа жыл қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Кәдімгі жаңа жылдық ғажайып» атты музей мерекесі өтті. Іс-шара барысында қостанайлық қолөнер шебері Анастасия Конюшкованың тоқыма қуыршақтар көрмесі ашылды. Көрермендер назарына ішкі көріністі безендіруге арналған матадан жасалған 16 әсем де нәзік Тильда қуыршақтары…
2016 жылдың 15 желтоқсанында картина галереясының екі экспозициясында мерейтойлық жылдың ең басты көрмесі - «Менің жерім, менің Қазақстаным» атты қостанайлық суретшілердің тақырыптық көркемсурет көрмесі және облыстық пленэр қорытындысы бойынша көрме ашылды. Екі көрме де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен…
2016 жыл –әрбір қазақстандықтардың өмірін бейнелейтін ерекше кезең. 25 жыл бойы тарихи дамуында керемет секіріс жасап, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен қазақстандықтар қуатты, динамикалық, заманауи мемлекет құру үшін бірлесіп еңбектенуде. Бірақ Тәуелсіздік күнінің негізі – ол 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.…
Үстіміздегі жыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 29 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық…
Жаңа қазақ мемлекетін қалыптасыру жолындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жалпыға танылған рөлі айрықша. Әсіресе, ширек ғасыр өткеннен кейін Мемлекет басшысының елді дамыту келешегіне қатысты стратегиялық көзқарасын және оның дұрыстығын өмірдің өзі дәлелдегенін ой елегінен…
28 қараша 2016 жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Н.Островский атындағы кітапхананың «Дорожный» құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп №18 ОМ оқушыларына «Теңгенің шығу тарихы» атты интерактивті дәріс өткізді. Шараға қатысушылар ұлттық валютаның қалыптасу тарихымен танысып, сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның ақша белгілерінің алғашқы…
2016 жылы 25 қарашада сағат 11-00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік негізі» атты көрме ашылды Жаңа мемлекеттің қалыптасу тарихы шекара, кеден, полиция қызметінің тақырыптық заттар жиынтығымен көрсетілген, оның ішінде киім үлгілері, туы және шекара…
23 қарашада Картина галереясында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Марат Тоқсайытовтың (Астана қаласы) «Туған өлкем» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті. Қазақстанның танымал суретшісі Марат Тоқсайытов өзінің 70 жылдығы қарсаңында туған жері Қостанайда…
18 қарашада картина галереясында Вадим Быковтың «Арт студиясы» оқушыларының «Буырқанған бояулар 5» атты көрмесінің ашылуы болды. Көрмеге 50-ге жуық кескіндеме, графика, сәндік - қолданбалы өнер туындылары ұсынылды. 2016 жылы «Арт студияға» 5 жыл толды. Студия есігі барлық келем деушілерге жас…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі