«Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» көшпелі көрмесі

22.02.2022
«Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы»  көшпелі көрмесі

2022 жылдың 22 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы дайындаған «Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» атты көшпелі көрмесінің ашылуы өтті.

Ботай мәдениеті — В.Ф. Зайберт солтүстік Қазақстанның энеолит дәуіріндегі ескерткіштерін зерттеу материалдары негізінде бөліп атаған археологиялық мәдениет. Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығына негізделеді.

22 ақпан мен 10 наурыз күндері аралығында Қостанай қаласының тұрғындары мен облыстың қонақтары Ботай мәдениетінің құнды артефактілерімен таныса алады.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін13   Кеше352   Бір аптаның ішінде893   Айында13   Барлығы309171  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі