«Қылқалам құдіреті» - қостанайлық суретшілердің музейдің қор жиынтығындағы кескіндеме және графика туындыларының көрмесі

31.01.2022
«Қылқалам құдіреті» - қостанайлық суретшілердің музейдің қор жиынтығындағы кескіндеме және графика туындыларының көрмесі

2022 жылдың 28 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қылқалам құдіреті» атты қостанайлық суретшілердің кескіндеме және графика туындыларының көрмесі ашылды.

Көрмеге музей қорынан Қазақстан, Ресей, Грузияның танымал суретшілерінің туындылары қойылған. Барлық кескіндемелік және графикалық жұмыстар өнердің ең эмоционалды жанрлардың бірі - пейзаж жанрында жасалған. Көрмеде ұсынылған ауыл, қала, теңіз, дала, таулардың пейзаждары ғажайып сұлулық пен өмірдің толықтығын сезінуге ықпал етеді. Осы картиналар мен акварельдерді тамашалай отырып, шалғындық гүлдердің иісі аңқығандай, құстардың дауысын және толқынның шалпылын естігендей боласың.

Көрмеге келушілердің әрқайсысы суретшіден кейін бұрыннан таныс және үйреншікті табиғат көріністерінен таңқаларлық жаңа және толқытатын нәрселерді көруге мүмкіндік алады.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін171   Кеше233   Бір аптаның ішінде171   Айында4797   Барлығы294920  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі