2022 жылдың 26 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында журналист, ақын, жазушы, «Айқап» журналының бірінші редакторы, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығына орай музей қорындағы Мұхамеджан Сералин туралы құжаттар және фотоматериалмен таныстырды.
Көрермендерге журналист, қоғам қайраткері М.Сералиннің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы мол мағлұматтар берілді.