Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін0   Кеше83   Бір аптаның ішінде214   Айында2109   Барлығы225768  
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, толеранттылық пен ұлтаралық келісім мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Достық ағашы» жобасы басталды. Қостанай облысы аумағында тұрып жатқан ұлттардың мәдениетаралық диалогына арналған жобаға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.И. Чужинов атындағы экономика…
2021 жылы 12 мамырда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Қостанай құрылыс колледжі оқытушыларының жұмыстарының «Шығармашылық қуаты» атты көрмесі ашылды. Көрмеде колледжде сурет, кескіндеме, композиция, дизайн, түстану және т.б. арнайы пәндерден сабақ беретін суретшілердің 60-тан астам шығармашылық туындылары ұсынылған.…
«Алау» ТРК-ның «Өмір ағымы» бағдарламасының көрермендері үшін «Көненің көзі» кезекті айдарында музей қызметкері «Шығармашылық қуаты» атты Қостанай құрылыс колледжі оқытушыларының жұмыстарының көрмесі жайында баяндап берді.
5 мамыр күні сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысындағы жеңіске арналған музейдің қор жиынтығынан "Мәңгі жадымызда" атты көркем көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде бейнелеу өнерінің танымал шеберлерінің 5 кескіндемелік жұмыстары ұсынылды: С.Мартовтың "Полктың ұлы", А.А. Лазыкиннің "Жасақтар", "Майданға…
Жауынгерлердің Ұлы Жеңісті жақындатқан ерліктері ұрпақ жадында мәңгі қалады. Оны ұмытпау үшін есте сақтау керек, ал жадымызда сақтау үшін білген жөн. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында музей қызметкерлері аты аңызға айналған ұшқыштардың, екі мәрте Кеңес Одағының Батырлары Иван…
Дәстүрлі киім әрқашан өз халқының стилі мен өмір салтын бейнелейді, сондықтан әр ұлттың басқа халықтардан айырмашылығы мен өзіндік ерекшеліктері бар. «Алау» телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музей қызметкері қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің түрлері туралы айтты. https://vk.com/wall397862586_1493 https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/posts/1060310151126533…
2021 жылдың 30 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Ашаршылық хроникасы» атты музейлік онлайн сабақ өткізді. Тарихтың ең зұлмат, қайғылы беттерінің бірі - 1920, 1930 жылдардағы ашаршылық қасіреті жайында айтты. Қазақстанда және облыста нәубеттен қаза тапқан адамдар саны күні бүгінге…
 В преддверии празднования Дня единства народа Казахстана, Костанайский областной историко-краеведческий музей совместно с институтом экономики и права им. П.Чужинова Костанайского регионального университета имени А.Байтурсынова провели этнофестиваль дружбы народов под названием «Достық біздің тіршілігіміз». Главная задача праздничного мероприятия - демонстрация единства…
2021 жылдың 21 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музей қорына жуырда алынған қойын дәптердің тарихымен таныстырды. Алтынсарин ауданының (бұрынғы Обаған ауданы) Қайыңсай ауылының тұрғыны Абаев Райкен Бекмағамбетұлының (1928-1953 ж.) қойын дәптері…
 Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында «Тобыл жағалауындағы қала» атты фотоқұжаттық жылжымалы музей көрмесі жұмыс істеуде. Көрме материалдары негізі қаланған кезеңнен облыс орталығына айналған қаланың дамуы мен тарихы туралы қызықты және кең мағлұматтарды құрайды.
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі