Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін88   Кеше128   Бір аптаның ішінде511   Айында3357   Барлығы265286  
Жаңалықтар
2022 жылдың 19 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері "Алау" телеарнасының "Өмір ағымы" бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында көрермендері "Алексеев мәдени кешені" археологиялық ескерткішімен, қызықты жәдігерлермен   және зерттеу тарихымен таныстырды.
2021 жылдың 29 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында жаңа жылдық шырша ойыншықтарының тарихымен таныстырды. Көрермендерге музей қорынан ХХ ғасырдың әр жылдарында шыршаны безендіруге қолданылған конфетти, серпантин, шыны және картон ойыншықтар туралы…
Қалыптасқан дәстүр бойынша дәл осы аязды күндері, сүйікті қысқы мерекелер Жаңа жыл мен Рождество қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициясында «Сәуле шашқан суреттер» көрмесі ашылды. Көрмеде қыс тақырыбындағы жұмыстар ұсынылған. Суретшілер табиғаттан өз сезімдері мен ойларының көрінісін табады, көңіл-күйін білдіруге…
2021 жылдың 22 желтоқсанында «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімеледі. Телекөрермендер тарих ғылымдарының дамуына…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ай сайынғы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері» атты ақпараттық-дайджест өткізуді жалғастыруда. 2021 жылдың 15 желтоқсанында дәріс Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттері үшін оқылды.
 ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында 2021 жылдың 14 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында «30 шебер» көркемсурет альбомы - кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап Мәдениет басқармасы шеңберінде Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің қолдауымен жүзеге асты.…
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 14 желтоқсанында музейде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне «Қазақстан. Ұлы Дала Елі. Тәуелсіздік» атты тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңдерін баяндайтын музейлік альманах өткізілді.
«Өлкенің ежелгі тарихы» залында «Бір жәдігер» көрмесі жұмыс істейді. Қонақтар назарына музей қорына Қаратомар қорымы топтамасымен бірге түскен белбеудің қола тоғасы ұсынылған. Тоғаның сюжеті «Аң стилінде» жасалған, жыртқыщ аңның түйеге шабуылы бейнеленген. Мұндай тоғалар сармат жауынгерлерінің жерлеу орындарында сирек кездеседі.…
2021 жылдың 30 қарашасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің УК 161/1 мекемесінің қызметкерлері үшін «Елбасы - ел тірегі» атты онлайн танымдық сағат
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойлы жылында суретшілер өз шығармашылығын көрермендер назарына осы айтулы оқиғаға ерекше сыйлық ретінде ұсынды. Аталған жобаның бастамашылары ҚР суретшілер Одағының Қостанай облыстық ұйымы мен Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы болып табылады. Көрме экспозициясы көрме залдарының екі…
2022, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі