Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қамалбек Зәкіров – ұлағатты ұстаз бейнесі

01.10.2025
Қамалбек Зәкіров – ұлағатты ұстаз бейнесі
Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы барлық қызметкерлердің ортақ кәсіби мерекесі. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, сондай-ақ олардың қосқан зор үлесі ерекше атап өтіледі. Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні 5 қазан күні атап өтіледі. Қостанай облысында да білім саласының өркендеуіне үлес қосып келе жатқан педагогтар аз емес. Бүгін музей қызметкері Мұханбетқали Т.З. «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры Зәкіров Қамалбек жайлы әңгімеледі. Бағдарлама барысында «Алау» телеарнасының көрермендеріне Қамалбек Зәкіровтің өмірі мен қызметіне қатысты музей қорынан алынған фотоқұжаттар ұсынылды.