Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Жүрегімдегі Қазақстан!» - Қазақстан Республикасы күніне арналған балалардың төл туындыларынан тұратын көрме

17.10.2025
«Жүрегімдегі Қазақстан!» - Қазақстан Республикасы күніне арналған балалардың төл туындыларынан тұратын көрме
2025 жылғы 17 қазан күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Қазақстан Республикасы күніне арналған балалардың төл туындыларынан тұратын «Жүрегімдегі Қазақстан!» атты көрмесі ашылады. Іс-шара мемлекеттік бағдарлама бойынша кескіндемемен, сурет салумен айналысатын 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың шығармашылық әлеуетін қолдауға арналған.

Көрмеде бейнелеу өнерінің 100-ден астам туындылары қойылған. Олар әртүрлі жанрлар мен техникада орындалған картиналар.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің залы шығармашылық алаңға айналды, онда әрбір қатысушы туған жеріне деген сезімін білдіріп, Қазақстан табиғатының сұлулығын, ұлттық дәстүрді, өнерді көрсете алды. «Жүрегімдегі Қазақстан!» көрмесі әр түрлі жастағы балалардың, ата-аналардың, мұғалімдердің өнер арқылы достығы мен бірлестігінің символы ретінде ойластырылған.

Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен – әр адам өзін нағыз суретші ретінде сезініп, патриотизмді дамытумен тығыз байланысты және еліміз үшін мақтаныш сезімін оятатын туындылар жасай алатын шығармашылық көріністің өзекті түрі.