«ЭКСПО әлемі» атты көркем фотосуреттердің жылжымалы көрмесінің ашылуы

13.01.2017
«ЭКСПО әлемі» атты көркем фотосуреттердің жылжымалы көрмесінің ашылуы

01

2017 жылдың 12 қаңтарында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта ЭКСПО – 2017 жылына арналған «ЭКСПО әлемі» атты көркем фотосуреттердің жылжымалы көрмесі ашылды. Картина галереясы ұйымдастырып отырған көрмеде қостанайлық фотосуретші, ҚР Журналистер одағының мүшесі Георгий Шаповаловтың 20-дан астам көркем фотосуреттері ұсынылды.

«ЭКСПО әлемі» көрмесі – бұл дүниежүзілік көрмелер тарихына саяхат жасау, ол 1851 жылдан бастау алып, Англия, Франция, АҚШ, Португалия, Австралия, Бельгия, Бразилия, Сербия, Испания, Норвегия сияқты т.б елдерде өткізілген. Дүниежүзілік көрмелер әлемдегі ең үздік өнертабыстарды жылдам таратуға, өндірісті кеңейтіп, тауар айналымының өсуімен қатар, мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартуда зор рөл атқарды.

02

Бүкіл дүниежүзілік «ЭКСПО – 2017» көрмесіне 100 мемлекет қатысады. Бұл Қазақстан үшін маңызды оқиға, ол 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында «Болашақ энергиясы» ұранымен өткізіліп, баламалы энергия көздеріне арналады.

«ЭКСПО әлемі» атты көркем фотосуреттер көрмесінде әр жылдардағы бүкіл әлемдік көрмелердің ең есте қалаларлық және көрікті орындары бейнеленген. Лондондағы ең алғашқы көрменің көрікті орны Хрусталь сарайы, Париждің символына айналған Эйфель мұнарасы, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» өтетін Астана қаласындағы сфералық павильон.

03

Ақ-қара және түрлі түсті фотосуреттер бірыңғай форматта орындалған. Жұмыстар динамикаға толы, әрқайсысының өзіндік сюжеті, тарихы бар. Экспозиция көпшілікке арналған, танымдық және білімдік мәнге ие.

04

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін83   Кеше67   Бір аптаның ішінде356   Айында2030   Барлығы204341  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі