1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі Амангелді Имановтың 145 жылдығына арналған «Халық батыры» атты көрменің ашылуы туралы жаңалық

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі Амангелді Имановтың 145 жылдығына арналған «Халық батыры» атты көрменің ашылуы туралы жаңалық

2018 жылдың 5 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі Амангелді Имановтың 145 жылдығына арналған «Халық батыры» атты көрме ашылды.

Амангелді Үдербайұлы Иманов 1873 жылы қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданында туған. 1916 жылғы қазақ халқының патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушы, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан халық батыры А.Иманов патша өкіметінің отаршылдық саясатының халыққа қарсы бағытталғанын айқын танып, осы жолда өзін ержүрек батыр ретінде көрсете білді.

Көрермендер назарына музейдің қорынан фотосуреттер, майдан жұмысына шақыру туралы патша жарлығының жариялануымен байланысты қырдағы оқиғаларға қатысты архив құжаттары, сонымен бірге оның серіктерінің қолжазбалары ұсынылды.

Көрмеде Қазақстанның халық суретшілері Ә.Қастеев, Б.Урманченің туындылары мен графикалық жұмыстары, белгілі суретші-портретші А.Мартованың графикалық туындылары, қазақтың тұңғыш мүсіншісі, Қазақстанның халық суретшісі Х.Наурызбаевтың А.Иманов мүсіндік портреті, сонымен қатар украин мүсіншісі, Украинаның халық суретшісі Е. И. Белостоцкийдің екі туындысы ұсынылды.

Іс-шара барысында ҚМПУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ө. И. Исенов сөз сөйледі. 1916 жылғы көтеріліске қатысқан сарбаздар Нәрікбай Жақсыбайұлының баласы Төлеу қажы, Қайранбай Малшыұлының баласы Жақсылық әкелерінен естіген әңгімелері негізінде А.Иманов туралы және әкелерінің Амангелді жасағында атқарған қызметтері туралы естеліктермен бөлісті.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін31   Кеше78   Бір аптаның ішінде196   Айында1730   Барлығы169748  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі